Вы здесь:

Г.Қ. ЖАНТІЛЕУОВА. Жоғары оқу орнында дарынды білімгерлермен жұмыс істеудің кейбір әдістері

ӘОЖ 376.5

DOI: 10.51883/20704046_2020_5_95

Г.Қ. ЖАНТІЛЕУОВА

Жоғары оқу орнында дарынды білімгерлермен жұмыс істеудің кейбір әдістері

Мақалада ЖОО дарынды білімгерлерімен оқу үдерісін ұйымдастырудағы кейбір әдіс-тәсілдер қарастырылған. Академиялық білімі «өте жақсы» студент қана дарынды дейтін ойдың жансақ екендігіне көңіл аударта отырып, әр білімгердің дарындылығын анықтаудың маңыздылығы мен оқытушылардың білім алушының дарынын анықтай алуына мүмкіндік беретін әртүрлі диагностикалық әдістер тізімі келтірілген. Барлық білім алушылардың бойынан дарындылықты көре білу және оны дер кезінде аша білу, ол оқытушының тікелей шеберлігі мен тәжірибелігіне байланысты. Автор тәжірибе сабақтарында қолданылған әдіс-тәсілдер бойынша құрастырылған тапсырмалардың тиімді және тиімсіз жақтарына да талдау жасаған, нақты мысалдар келтірген. Сонымен қатар, саралап оқыту қағидатына сай тапсырмалар түрі білім алушыға, олардың қандай білім деңгейінде тұрғанын алалап көрсетпейтіндей, жасырын түрінде берілуі қажет және тапсырма мазмұны қарапайымнан күрделіге деген қағидат бойынша құрастырылуы қажет.

Кілтті сөздер: дарындылық, дарынды білімгер, шығармашылық қабілет.