Вы здесь:

К.К. КЕНЖЕҒАЛИЕВ, А.Б. ТАҒАЙ. Психологтарды даярлаудың психологиялық мәселелері

ӘОЖ 37.015.3

DOI: 10.51883/20704046_2020_1_138

К.К. КЕНЖЕҒАЛИЕВ, А.Б. ТАҒАЙ

Психологтарды даярлаудың психологиялық мәселелері

Болашақ психолог мамандарын даярлауда тұлғаның ұстанымдарының жоғары болуы оның өзіндік санасымен тығыз байланысты, яғни ол болашақ маман ретінде өз кәсіби іс-әрекетін, ондағы түрлі жағдайлар мен мәселелерді шешуге дайын болуы керек. Психология саласына деген қызығушылық ерекше, бірақ ол қызығушылық пен қажеттілік психолог маманның өз қызметін тиімді және нәтижелі атқаруына байланысты. Осы мәселелерге орай қазіргі кезде психолог мамандарды даярлауда олардың жеке ұстамдығы мен оны қалыптастыру маңызды және студенттік кезеңде, оқу және тәжірибе барысында қалыптастыра білуі тиіс. Болашақ психологтың өзіндік жеке тұлғалық сапалары, мінез-құлық ерекшеліктері оның қызметінде негізгі роль атқарады. Психологияда маман даярлау үшін үш жетекші әдістемелік парадигмасы мен психологтың жұмысы, ғылымның постклассикалық әдіснамасына негізделген психологиялық-педагогикалық принциптер жүйесін қалыптастырудың әдістемелік мәселелері, сонымен қатар болашақ маманның психологиялық дайындығы мен бұл мақсатқа жету үшін негізгі міндеттері қарастырылған.

Кілтті сөздер: психолог, парадигма, сапа, әдістеме, маман, принцип, тұлға.