Вы здесь:

К.Ө. ҚОНАҚОВА, С.Е. ТӨЛЕУ. Жалпы орта мектепте үштілділікті енгізудің эксперименталдық алаң жұмысы

УДК 373.51:372.811.111.1

DOI: 10.51883/20704046_2020_5_53

К.Ө. ҚОНАҚОВА, С.Е. ТӨЛЕУ

Жалпы орта мектепте үштілділікті енгізудің эксперименталдық алаң жұмысы

Мақалада қазақ тілінде оқытатын жалпы орта мектептегі үштілді ортаны қалыптастыру мен енгізу жолдары жайында айтылған. Ол үшін білім беру саласындағы нормативті құжаттарға сүйене отырып, эксперименталды алаң белгіленді. Сынақ жұмыстарын бастамас бұрын мектепте үштілді ортаны қалыптастырудың теориялық негіздері анықталып, басқару моделі дайындалды. Модельдің негізіне классикалық педагогика ғылымы дәлелдеген ұстанымдар іріктеліп алынды. Сонымен қатар, оқыту пәндерін үш тілде меңгерту мақсатында дидактикалық модель жасалды. Бұл модельдің ерекшелігі оқытудың ұйымдастыру формаларына байланысты. Оның негізгі мақсаты – таңдау курсы арқылы оқу пәні терминологиясын меңгертіп, оқушыларды өзара коммуникацияға жеткізу. Ол үшін жаратылыстану пәндері бойынша анықталған ғылыми ұстанымдар негізінде таңдау курстарының, үйірмелердің оқу бағдарламалары, әдістемелік құжаттар әзірленді, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілді. Сонымен қатар мектепте үштілді ортаны қалыптастырудың қауіп-қатерлері де анықталды.

Кілтті сөздер: орта білім беру, үштілділік, педагогикалық модельдеу, ұстанымдар.