Вы здесь:

А.Қ.ҚҰСАЙЫНОВ, К.Ж.РАКУЛОВА PISA, TIMSS ЗЕРТТЕУЛЕРІ БОЙЫНША ТИІМДІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІ

ҒТАМР 14.91

DOI: 10.51883/20704046_2021_2_5

А.Қ.ҚҰСАЙЫНОВ, К.Ж.РАКУЛОВА

PISA, TIMSS ЗЕРТТЕУЛЕРІ БОЙЫНША ТИІМДІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІ

    Мақалада әлем елдеріндегі білім беру сапасын анықтайтын халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінің маңызы және оның білім беру сапасын көтерудегі орны көрсетіледі. Осы зерттеулер нәтижелері негізінде көптеген елдер өздерінің білім беру саясатын зерделеп, оны дамытудың негізі ретінде қарастырады. Қазіргі уақытта елімізде 12 жылдық мектепке өту және осы 12 жылдық мектепке өткенде қандай білім беру моделін қолдану қажеттігі туралы пікірлер айтылуда. Мақалада халықаралық салыстырмалы зерттеулерге көптеген елдердің қатысуының басты себептері зерделене келіп, еліміз 12 жылдық мектепке өткенде қабылданатын білім моделі жөнінде ұсыныс айтылады.

    Кілтті сөздер: PISA, TIMSS зерттеулері, білім беру моделі, білім сапасын көтеру.