Вы здесь:

Л.Х. МАЖИТОВА, Р.Н. СЫЗДЫҚОВА, А.М. САЛАМАТИНА. Техникалық университетте физика пәнін тәжірибеге бағдарлап оқытуда студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыру

ӘОЖ 378

DOI: 10.51883/20704046_2020_1_195

Л.Х. МАЖИТОВА, Р.Н. СЫЗДЫҚОВА, А.М. САЛАМАТИНА

Техникалық университетте физика пәнін тәжірибеге бағдарлап оқытуда студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыру

Мақалада энергетика және телекоммуникацияның түрлі салалары үшін теориялық біліммен қоса кәсіби іс-әрекет дағдыларына ие бакалаврлар даярлау мәселесі қарастырылады. Болашақ кәсіби іс-әрекетіне, жеке тұлғалық қасиетінің артуына және дамуына байланысты физика пәні бойынша тәжірибелік дағдыларды игеруге бағдарланған төменгі курс студенттерінің танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесі ұсынылады. Жылу-энергетикалық кешенді автоматтандыру және басқару саласындағы маманның іс-әрекеті моделінен анықталатын, пәннің типтік тапсырмалары тілінде тұжырымдалған, оқыту мақсаттары арқылы дайындық мазмұнын олардың болашақ мамандығына барынша жақындатуға мүмкіндік беретін, кәсіптік бағыт қағидасына негізделген физиканы тәжірибеге бағдарлап оқыту мүмкіндігі қарастырылады. Оқу материалы мен тапсырмаларды іріктеу және оларды ұсынудың заманауи құралдарына негізделген, интерактивті диалог және аудиториямен кері байланыс орнатуға бағытталған тәжірибеге бағдарлап оқыту әдістемесі жасалды және енгізілді. Студенттің тұлғалық сапалық сипаттамасындағы өзгерістердің тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін танымдық белсенділіктің критериалдыдеңгейлік құрылымы жасалды.

Кілтті сөздер: танымдық белсенділік, тәжірибеге бағдарлап оқыту, іс-әрекет моделі.