Вы здесь:

Л.С.ҚҰЛЖАБАЕВА, А.Ш.ТӘҢІРБЕРГЕНОВА. Когнитивті модель негізінде мінез-құлық ауытқуларының себеп-салдарына шолу

ӘОЖ 159.923.35

DOI: 10.51883/20704046_2020_4_119

 Л.С.ҚҰЛЖАБАЕВА, А.Ш.ТӘҢІРБЕРГЕНОВА

Когнитивті модель негізінде мінез-құлық ауытқуларының себеп-салдарына шолу

  Мақалада тұлғаның түрлі мінез-құлық ауытқуларын талқылау когнитивті модельмен байланыста қарастырылған. Когнитивті модельдің теориялық негізін қалаушы Аарон Бек және басқа да ғалымдардың идеяларына шолу жасалған. Когнитивті модель негізінде тұлғада автоматты дағдыланған ойдың қалыптасуы мен оның мінез-құлық ауытқушылығына ықпалы зерделенген. Автоматты дағдыланған ойды анықтай отырып, тұлғаның психологиялық қиындықтарын анықтау үшін психолог мамандарға тәжірибелік кеңес ұсынылған. Когнитивті модель негізінде автоматты дағдыланған ойдың салдарынан туындайтын қиындықтарды анықтау және әрі қарай ұйымдастырылатын психологиялық жұмысты жоспарлау нәтижелі болады. Жалпы білім беру ұйымының психологы психологиялық көмекке жүгінушінің проблемаларын шешуге қолдау көрсетуде проблемалардың туындауының себебін түсінуі, оған қандай факторлардың әсер еткенін білуі, оның құндылықтары мен әлеуметтік ортасы туралы білуі маңызды. Ал, маңызды мәселе мақалада мысалдар арқылы анықталған. Жалпы когнитивті, эмоционалдық, әлеуметтік және мінез-құлық ауытқуларымен жұмыс істеуде қандай факторларға назар аудару қажеттігі және ол факторларды сұрақ қою арқылы зерделеудің тәжірибесі көрсетілген. Мақаланы практик-психологтар өз тәжірибелерінде тиімді қолдануына болады.
  Кілтті сөздер: автоматты дағдыланған ой, когнитивті модель, мінез-құлық ауытқуы.