Вы здесь:

М.А. АБДУАЛИЕВА, Ж.А. АБЕКОВА, Г.М. БАУБЕКОВА, Д.Қ.ЖАЙДАҚБАЕВА. Физиканы оқытуда электронды дидактикалық құрал-жабдықтарды пайдаланудың әдістемелік аспектілері

ӘОЖ 303

DOI: 10.51883/20704046_2020_2_77

М.А. АБДУАЛИЕВА, Ж.А. АБЕКОВА, Г.М. БАУБЕКОВА, Д.Қ.ЖАЙДАҚБАЕВА

Физиканы оқытуда электронды дидактикалық құрал-жабдықтарды пайдаланудың әдістемелік аспектілері

Білім берудегі басты талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологиялары мен құрал-жабдықтарын меңгеру. Оқытудың жаңа технологиялары мен құралжабдықтарының бірі – электронды дидактикалық құрал-жабдықтар. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру үдерістерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.Сонымен қатар, физиканы оқыту барысында оқытудың электрондық құралдарын қолданудың әдістемелік қағидаларын оқу үдерісінің мазмұнын, ұйымдастыру нысандарын және әдістерін анықтайтын негізгі ережелері ретінде оның ерекшелігіне, мақсаттарына және заңдылықтарына сәйкес қарастыру қажеттігі туындайды. Мақалада физиканы оқытуда оқытудың дәстүрлі және бағдарламалық құралдарын қолдану арқылы оқытудың салыстырмалы моделі жасалып, физиканы оқытуда электронды дидактикалық құрал-жабдықтарды пайдаланудың әдістемелік аспектілері қарастырылады, физика сабақтарында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану жағдайлары іске асырылады. Дәстүрлі және ақпараттық құралдарды үйлестіре білу мұғалімнің қолданатын біліктілігі мен шеберлігіне, әдістемесіне сөзсіз байланысты. Бірақ электронды дидактикалық құрал-жабдықтарды сауатты пайдалану да мұғалімнің сабақты ақпараттандырудың педагогикалық негіздерін білуіне де байланысты.

Кілтті сөздер: ақпараттық технологиялар, электронды дидактикалық құралжабдықтар, оқу әдістемесі.