Вы здесь:

М.Қ.ӘБДІШҮКІР, К.Ө.ҚОНАҚОВА. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА ШЕТ ТІЛДІ АРГУМЕНТАТИВТІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ГРНТИ 14.33.09

DOI: 10.51883/20704046_2021_3_38

М.Қ.ӘБДІШҮКІР, К.Ө.ҚОНАҚОВА

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА ШЕТ ТІЛДІ АРГУМЕНТАТИВТІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қазіргі шет тілді білім беруде жоғары сынып оқушыларының танымдық-ізденушілік, шығармашылық, сыни және ақыл-ой қабілеттерін қалыптастырушы тиімді құзіреттіліктің бірі - аргументативті құзіреттілік. Бұл құзіреттілік оқушылардың сөйлеу әрекетінің түрлерін жан-жақты оқытуға бағытталған, оқушылардың іс жүзінде сөйлеу, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Мектептегі жоғары сынып оқушылары ойларын ауызша және жазбаша түрде қисынды және дәлелді түрде рәсімдей білуі тиіс. Білімділікке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес кәсіби проблемалар бойынша, пікір алмасуға және көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін меңгеру қажет. Бұл бітірушіден дәлелдер теориясының негіздерін, яғни басқа тараптың ұстанымдарын немесе нанымдарын өзгерту тәсілдерінің алуан түрлілігін және кәсіби коммуникация саласында жазбаша дәлелдерді құру және жүргізу қабілетін талап етеді.

Кілтті сөздер: құзіреттілік, аргументтілік, шет тілі.