Вы здесь:

М.Е. НУРГАЛИЕВА. ЖОО-ның оқу үдерісінде студенттің дербестігін қалыптастыру және өздік жұмысын ұйымдастыру мәселесі туралы

ҒТАМР 14.35.17

DOI: 10.51883/20704046_2021_1_87

М.Е. НУРГАЛИЕВА

ЖОО-ның оқу үдерісінде студенттің дербестігін қалыптастыру және өздік жұмысын ұйымдастыру мәселесі туралы

Мақалада қазіргі білім берудің негізгі мәселелерінің бірі әрі студенттің қажетті сапасы ретіндегі дербестікті қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың өзі студенттің белсенділігі мен дербестігі қағидаттарына негізделуі тиіс. Студенттің санасында дербестіктің тұтас кешенін бекіту қажет. Бұл үшін ЖОО-ның оқу-тәрбие үдерісін өздік жұмыс таным мен іс-әрекеттің субъектісі ретінде студенттің дербестігін қалыптастырудың шешуші шарты болатындай етіп ұйымдастыру маңызды. Өздік жұмыс білімді игерумен, бекітумен, қолданумен байланысты. Оны дұрыс ұйымдастыру студенттерді белсенді ізденіске, қойылған міндеттерді шешу жолындағы қиындықтарды саналы түрде жеңуге, кәсіби қызметте қажетті құзыреттерді қалыптастыруға ынталандырады.

Кілтті сөздер: өздік жұмыс, студент, дербестік, ЖОО (жоғары оқу орны).