Вы здесь:

М.С. АУЕСБАЕВ, А.Н. ЕРГАЛИЕВА, С.К. НЕСИПБАЕВ. РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ЖАҢҒЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ӘСКЕРИ, АРНАУЛЫ ОҚУ ОРНЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ГРНТИ 78.19.07

DOI: 10.51883/20704046_2021_2_124

М.С. АУЕСБАЕВ, А.Н. ЕРГАЛИЕВА, С.К. НЕСИПБАЕВ

РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ЖАҢҒЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ӘСКЕРИ, АРНАУЛЫ ОҚУ ОРНЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақалада курсанттармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері, ұлттық қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етудің маңыздылығы, офицер тұлғасының Отан қорғаушыларды тәрбиелеу барысында алатын орны қарастырылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы әскери, арнаулы оқу орындарындағы тәрбие жұмысы жүйесін дамытудың қазіргі кезеңі – тәрбие субъектілері мен нысаны, тәрбиелеу түрлері мен әдістері, әртүрлі әсер ету құралдары арқылы жүзеге асу барысы, кейбір жағымсыз үрдістер, қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруы жағдайындағы тәрбие жұмысының мазмұны, Қазақстанның жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде білім беру және тәрбие мұраттарына ие бағдарламалық құжаттары, ежелгі уақытта қазақ халқы үшін тәрбие идеалы – сегіз қырлы бір сырлы «нағыз ер жігіт» бейнесі, ұлттың генетикалық кодына сүйену, рухани-адамгершілік қасиеттер мен корпоративтік құндылықтар негізінде болашақ офицердің ұйымдастырушылық мінез-құлқын қалыптастырудағы қазақстандық қоғамның қалыптасу тарихы, әскери басшы ретінде Бауыржан Момышұлының және қазақ халқының көптеген тарихи тұлғаларының тұжырымдары және тәрбие жұмысы жүйесіне арналған ұсыныстар қарастырылған.

Кілтті сөздер: әскери, арнаулы оқу орындарындағы курсанттармен тәрбие жұмысының жүйесі, ұлттың генетикалық коды, рухани-адамгершілік қасиеттер мен корпоративтік құндылықтар, ұйымдастырушылық мінез-құлық, тәрбие жұмысының бағдарламасы, ұлттық сана-сезім, ұлттық құндылықтар.