Вы здесь:

М.Т. ИСКАКОВА, Ж. АЯГАНОВ, Ә. БОҚАН. Сандарды квадрат түбірден шығаруды стандартты емес тәсілдермен үйрету

УДК 512

DOI: 10.51883/20704046_2020_6_99

М.Т. ИСКАКОВА, Ж. АЯГАНОВ, Ә. БОҚАН

Сандарды квадрат түбірден шығаруды стандартты емес тәсілдермен үйрету

Мақалада мектеп оқушыларына сандардан квадрат түбір табудың стандартты емес тәсілдерін үйрету қарастырылады. Есеп шығарғанда әртүрлі тәсілдерді қолдану оқушылардың есеп шығаруға қызығушылығын арттырып, құштарлығын оятады. Өз беттерімен жұмыс істеу белсенділіктерінің дамуына дұрыс әсерін тигізеді. Сандарды квадрат түбірден шығару үшін қойылатын талаптарды ескере отырып, оқушыларға үш орынды, төрт орынды және бес орынды сандардан квадрат түбір табуды калькулятор көмегінсіз есептеудің ең оңай әрі тез жолы ұсынылады. Нақты мысалдар арқылы арнайы алгоритм құрылған. Оқушылардың шапшаң әрі дұрыс шешім қабылдауына әсері мол болатын арнайы әдістеме ұсынылып отыр. Осы біз ұсынып отырған тәсілді қолдана алу арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін, жан-жақты терең ойлауын, логикалық ой-өрісінің дамуын қалыптастыруға болады. Авторлар оқушыларды дұрыс әрі жылдам шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті, жеке тұлға ретінде қалыптастыруда математикалық есептерді стандартты емес тәсілдермен шығаруға үйретудің маңыздылығының бір сипаты ретінде осы әдістемені ұсынады.

Кілтті сөздер: математиканы оқыту, есептерді стандартты емес тәсілдермен шығару, санды квадрат түбірден шығару.