Вы здесь:

Қ.М. ТАЙБОЛАТОВ, Е.В. БУРДИНА. Эмоционалды интеллект педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігі ретінде

ӘОЖ 37.031.1

DOI: 10.51883/20704046_2020_6_123

Қ.М. ТАЙБОЛАТОВ, Е.В. БУРДИНА

Эмоционалды интеллект педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігі ретінде

Мақалада эмоционалдық интеллект педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігінің компоненті ретінде қарастырылған. Мақаланың өзектілігін ашуда Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сілтеме жасап, педагогтардың өзіндік жетілдіру қажеттілігі айқындалады. Отандық ғалымдардың еңбектеріне талдау жасай отырып, адами әлеуеттің жеке көрсеткіштерін жіктеп көрсетеді. Кәсіби құзыреттілікті зерттеген отандық ғалымдар еңбектеріне талдау жасалып, «құзыреттілік» ұғымының мазмұны анықталады. Педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігіндегі эмоционалдық интеллектің маңыздылығына тоқталады. Шетелдік, ресейлік, отандық ғалым-зерттеушілердің «эмоционалдық интеллект» тақырыбы аясында зерттеген жұмыстарына шолу жасалып, нәтижесінде, «эмоционалдық интеллект» ұғымына контент-талдау құрастырылған. Педагогпсихологтың кәсіби қызметі деңгейіндегі эмоционалды интеллектің бірнеше маңызды функциясын анықтай отырып, педагог-психологтың эмоционалды құзыреттілігі жасалды. «Эмоционалды интеллект» ұғымы мен «эмоционалды сауаттылық» ұғымы арасындағы байланыс анықталды.

Кілтті сөздер: педагог-психолог, кәсіби құзыреттілік, эмоционалдық интеллект, эмоциялық сауаттылық, эмпатия.