Вы здесь:

Ә.Қ. МЫҢБАЕВА, П.О. ИЗТАЕВА, А.А. КАРАБУТОВА. ХХ-ХХІ ғасырлардағы адамгершілік білім беру және дамыту теориясы

ӘОЖ 37.017.92

DOI: 10.51883/20704046_2020_1_55

Ә.Қ. МЫҢБАЕВА, П.О. ИЗТАЕВА, А.А. КАРАБУТОВА

ХХ-ХХІ ғасырлардағы адамгершілік білім беру және дамыту теориясы

Мақалада адамгершілік тәрбиенің заманауи теориялары (ХХ-ХХІ ғғ.) берілген. Авторлардың пікірінше, жаңа ғасырдың цифрлық қоғамында адамгершілік білім беру мен тәрбиелеу тарихының үздіксіз сабақтастығын қоса отырып, жаңа заманауи теориялық түсініктерді қамтитын аксиологиялық құзыреттілікті қалыптастыру керек. Рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру жақсылық пен зұлымдық, ақиқат пен жалғанның шешімін іздеуге байланысты өте күрделі бағыт, көп еңбекті қажет етеді. Мақаланың мақсаты – адамгершілік білім берудің заманауи теорияларын талдау, болашақ мұғалімдердің аксиологиялық құзыреттілігіне енгізу үшін «өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру тұжырымдамасымен салыстыру. Мақалада Л.Колберг теориялары, «Өзін-өзі тану» тұжырымдамасы, А.Маслоудың жаңартылған тұжырымдамасы ұсынылып, оларды салыстыру жүргізілді. Теориялар бір-бірін толықтырады, бұл болашақ ұстазға тәрбиенің адамгершілік, құндылықтық аспектілерін түсінуге көмектеседі.

Кілтті сөздер: адамгершілік тәрбие, адамгершілік білім, Л.Колберг теориясы, өзінөзі тану, Мен-тұжырымдамасы, аксиологиялық құзыреттілік.