Вы здесь:

Н.Ғ. ДАУМОВ. Абай аманаты – бағыт-бағдарымыз

УДК 37.02

DOI: 10.51883/20704046_2020_6_5

Н.Ғ. ДАУМОВ

Абай аманаты – бағыт-бағдарымыз

Мақалада қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болған Абай шығармаларындағы тәлім-тәрбие негізі қарастырылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласындағы Абайтанудың төрт принципі басшылыққа алынып, білімді игерту, тәрбиені басты назарда ұстау, еңбекке араласып, жаңа кәсіпке бейімдеу және ынтымақ, бірлікті насихаттау идеясы сөз болады. Абай Құнанбаевтың кең дүниетанымы мен шығармашылығына терең бойлап, философиялық көзқарасы арқылы адам баласының өмір сүру мақсаты мен мұратқа жету жолындағы ізденістерге басты бағыт берілген. Мақала барысында Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда атқарылған іс-шаралар және Педагогикалық Ғылымдар академиясы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қолдауымен өткізген шеберлік сыныптары, тренингтер, т.б. іс-шаралар барысы сөз болады. Мақала авторы Абайдың рухани ұстанымын басшылыққа ала отырып, жарқын болашақтың іргетасын қалауда рухы асқақ, мақсаты айқын ұрпақ қана өзге елдерден озық тұрар ғылым мен мәдениетке қол жеткізеді деп тұжырымдайды.

Кілтті сөздер: Абай шығармашылығы, тәрбиелік мәні, ғылым, білім, мәдениет, Абайдың рухани ұстанымы, философиялық көзқарасы, тағылымды ой, халықтық педагогика.