Вы здесь:

Н.К. АШИРБАЕВ, Н.К. МАДИЯРОВ, К.П.НҰРТАЕВА. Математика педагогтарының рефлексивті ойлануының маңызы және коучинг арқылы қалыптастыру жолдары

ӘОЖ 373.1

DOI: 10.51883/20704046_2020_4_33

 Н.К. Аширбаев, Н.К. Мадияров, К.П.Нұртаева

Математика педагогтарының рефлексивті ойлануының маңызы және коучинг арқылы қалыптастыру жолдары

   Қазіргі таңда білім беру жүйесінде білімді жай ғана игеріп қоймай, сол білімді өмірде қолдану дағдыларын дамыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқушылардың математика сабағында алған білімдерін жаттанды түрде қабылдап қана қоймай, өмірлік тәжірибеде қолдануына жағдай жасап, осы пәнге деген қызығушылығын арттыруға мұғалімдер мен оқушыларды бағыттау біздің басты міндетіміз. Негізгі мақсат оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырып, білім алуға рефлексивті түрде ұмтылуға түрткі болу болып табылады. Адами құндылықтардың маңызды факторларының бірі – рефлексивті ойлау қабілетін әрбір оқушының бойына математика арқылы дарытып, оқушының берілген тапсырманы саналы түрде орындауға үйрету. Бұл мақалада математика пәніне деген ішкі уәжі төмен, өзіне сенімсіз оқушылардың өзіндік «мен» тұжырымдамасын дамытып, әр оқушының өз бетінше рефлексивті ойлануына мұғалімнің қолдау көрсетіп, дамыту жолдары қарастырылған. Мектеп ұстаздарына коучингтер өткізу арқылы математика сабағында өзіне деген сенімділігі төмен оқушыларды қолдау ұсынылады.
   Кілтті сөздер: математиканы оқыту әдістемесі, рефлексия, педагогтік рефлексия, өзіндік «Мен» тұжырымдамасы, «оқушы үні», тиімді оқыту, коучинг.