Вы здесь:

Н.К. АШИРБАЕВ, Н.К. МАДИЯРОВ, К.П. НҰРТАЕВА. Оқушылардың рефлексиялау қабілеттерін математиканың тиімді таңдалған тапсырмалары арқылы дамыту

ӘОЖ 373.1

DOI: 10.51883/20704046_2020_5_58

Н.К. АШИРБАЕВ, Н.К. МАДИЯРОВ, К.П. НҰРТАЕВА

Оқушылардың рефлексиялау қабілеттерін математиканың тиімді таңдалған тапсырмалары арқылы дамыту

Білім беру үдерісінде рефлексивті тәжірибені қолдану «оқушы – мұғалім» жүйесінде тиімді және шынайы пәнаралық қатынастарды құруға мүмкіндік береді. Педагогикадағы рефлексия – педагогикалық үдеріске қатысушылардың дамуы, өзін-өзі дамыту жағдайын және оның себептерін белгілеу процесі және нәтижесі. Рефлексия бүкіл білім беру процесінің негізгі іргетасы бола алады. Мақалада оқушылардың рефлексиялық қабілеттерін алгебра пәні арқылы дамыту, есеп шығару барысында өздігінен рефлексиялауы үшін тиімді есеп түрлері, балалардың есепті шартты рефлекс түрінде шығарып қана қоймай, оларды математиканың маңызды ережелерін қалай, қай кезде қолдану керектігін қалыптастыру жөніндегі сұрақтарға жауап ретінде параметрмен берілетін тапсырмалардың тиімді екендігі баяндалады. Параметрмен берілетін есептерді шығару оқушыларды сыни ойлануға итермелейді. Мектеп оқулығында параметрмен берілген есептердің пайыздық үлесі аз болғанымен, оларды ұтымды қолдана білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты оқушылардың шығармашылық қабілеттеріне әсер етеді.

Кілтті сөздер: жалпы білім беру жүйесі, рефлексия, өзіндік рефлексия, педагогикалық рефлексия, параметрмен берілген есептер, сыни ойлау, өзін-өзі бағалау.