Вы здесь:

Н.С.ӘЛҚОЖАЕВА, Е.Ә.ӘБДІЖӘДІЛ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

ҒТАМР 14.09.35

DOI: 10.51883/20704046_2021_2_83

Н.С.ӘЛҚОЖАЕВА, Е.Ә.ӘБДІЖӘДІЛ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Мақалада академиялық ұтқырлық сөзінің шығу тарихы және академиялық ұтқырлық саласындағы соңғы қазақстандық зерттеулер және оның даму перспективалары көрсетілген. Болон процесі мен Лиссабон конвенциясы халықаралық ынтымақтастықтың жарқын мысалына айналды және 47 ел, оның ішінде Қазақстан Республикасы Болон процесіне қосылды, нәтижесінде бірыңғай еуропалық жоғары білім беру аймағы құрылды. Болон процесіне қосылу жоғары мектеп үшін – отандық біліктіліктерді, сатыларды және біліктіліктерді, сатыларды және академиялық дәрежелерді мойындау, Еуропалық өңірде жоғары білім беру туралы қазақстандық дипломдардың конвертациялануы және бітіруші түлектердің кез келген елде жұмысқа орналасу құқығы, студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету,сонымен қатар, ЖОО-лардың қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асырудағы кең мүмкіндіктері сияқты үлкен артықшылықтарға ие. Халықаралық білім берудегі әсер ету факторлары мен қазіргі тенденциялар бөлініп сипатталған. Мақала Қазақстанның 2020 жылы қазақстандық білім беру жүйесінің экспорттық әлеуетін дамытудың басым жобасы мақұлдануына байланысты өзекті болып табылады.

Кілтті сөздер: академия, ұтқырлық, Болон процесі, университет, студент.