Вы здесь:

Н.Ш. АЛМЕТОВ, А.М. УСЕНОВА, Т.С. СМАХАНОВ. Болашақ мұғалімнің прагматикалық педагогикалық ойлауын қалыптастыру

ӘОЖ 37.026.9

DOI: 10.51883/20704046_2020_1_125

Н.Ш. АЛМЕТОВ, А.М. УСЕНОВА, Т.С. СМАХАНОВ

Болашақ мұғалімнің прагматикалық педагогикалық ойлауын қалыптастыру

Мақала қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани жаңару жағдайында жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық кадрларды даярлаудың өзекті бағыты ретінде болашақ мұғалімнің прагматикалық педагогикалық ойлауын қалыптастыру мәселесіне арналған. Педагогикалық мамандықтар студенттерінің педагогикалық ойлауының қалыптасуы мен дамуындағы прагматикалық тәсілдің артықшылығы негізделген. Болашақ мұғалімнің прагматикалық ойлауы оның кәсіби және педагогикалық құзыреттілігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде сипатталған. Болашақ мұғалімнің педагогикалық ойлауын қалыптастыру мұғалім-практиктің қызметін модельдейтін процесс ретінде қарастырылған. Осы тұрғыдан қазіргі заманғы практик-мұғалімнің ойлау стереотиптеріне талдау жасалған. Университетте болашақ мұғалімнің прагматикалық педагогикалық ойлауын қалыптастырудың ерекшеліктері, мазмұны мен әдіснамалық ерекшеліктері қарастырылған. Болашақ мұғалімнің прагматикалық педагогикалық ойлауын қалыптастыруға бағытталған университеттің оқу процесінің тиімділігін арттырудың жаңа мүмкіндіктері ашылған.

Кілтті сөздер: педагогикалық сана, педагогикалық ойлау, прагматизм, прагматикалық педагогикалық ойлау, болашақ мұғалім, жоғары оқу орны, өнімді педагогикалық ойлау.