Вы здесь:

Н.Ш. АЛМЕТОВ, С.Ж. БЕКЖАНОВА. Болашақ педагог-психологтың инновациялық іс-әрекетке даярлығы: функционалдық тұғыр

37.015.31

DOI: 10.51883/20704046_2020_3_35

Н.Ш. АЛМЕТОВ, С.Ж. БЕКЖАНОВА

Болашақ педагог-психологтың инновациялық іс-әрекетке даярлығы: функционалдық тұғыр

Мақалада жоғары оқу орындарында болашақ педагог-психологтардың мектептегі инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру мәселесі функционалдық әдіснамалық тұрғыда қарастырылған. «Болашақ педагог-психологтың мектептегі инновациялық іс-әрекетке даярлығы» ұғымына анықтама берілген. Студенттердің – болашақ педагог-психологтардың мектептегі инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың теориялық мәні мен маңыздылығы айқындалған. «Педагогика және психология» мамандығы студенттерінің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың мазмұнын ғылыми негізде құрастырудың тәсілдері айқындалған. Болашақ педагог-психологтардың мектептегі инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру үдерісі практик педагог-психолог іс-әрекетінің негізгі құрамдастарына сай үш бағытта жүзеге асырылуы жобаланған: диагностикалық жұмыс; түзету-дамытушылық жұмыс; кеңестік-ағартушылық жұмыс. Болашақ педагог-психологтың мектептегі инновациялық іс-әрекетке даярлығын анықтаушы индикаторлар нақтыланып, оларға сипаттама берілген. Жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде болашақ педагог-психологты инновациялық іс-әрекетке дайындаудың мазмұнын іс-жүзіне асырудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары кешенді айқындалған.

Кілтті сөздер: болашақ педагог-психолог, инновациялық іс-әрекет, функционалдық әдіснамалық тұғыр, мектеп психологы, мектеп психологының функциялары; болашақ педагог-психологты дайындаудың мазмұны.