Вы здесь:

О.С. АБИЛЬМАЖИНОВА, А.Д. КАРИЕВ. Интерактивті оқыту студенттің креативтілігі мен субъективтілігін дамыту факторы ретінде

ӘОЖ 378.147

DOI: 10.51883/20704046_2020_3_41

О.С. АБИЛЬМАЖИНОВА, А.Д. КАРИЕВ

Интерактивті оқыту студенттің креативтілігі мен субъективтілігін дамыту факторы ретінде

Мақалада интерактивті оқыту студенттің субъектілігі мен креативтілігін дамыту факторы ретінде қарастырылады. Авторлар «интерактивтілік», «интерактивті оқыту», «интерактивті технологиялар» ұғымдарын аша отырып, оқытудың интерактивті технологиясының негізгі компоненттеріне сипаттама береді. Интерактивті оқыту – оқу үрдісіндегі оқушы мен педагогтың белсенді қарымқатынасына негізделген, тұлғаның жарасымды дамуы үшін қолайлы жағдай тудыруға арналған әдіс. Мақалада студенттердің креативтілігі мен субъектілігін дамыту зерттеулерінің нәтижелерін талдау және жинақтау ұсынылған, студенттердің креативтілігі мен субъективтілігінің мәндік ерекшеліктері көрсетілген. Теориялық талдау негізінде «студенттің субъектілігі» және «студенттің креативтілігі» ұғымдарының анықтамасы тұжырымдалған. Студенттің креативтілігі шығармашылыққа деген әлеуетті қабілеттерінің конгломераты ретінде ғана емес, өзектендірілген қабілеттің өзі және әртүрлі мәселелерді шешудің жаңа, қалыпты емес тәсілдерін табуға әзірлігі ретінде түсіндіріледі.

Кілтті сөздер: интерактивтілік, интерактивті оқыту, интерактивті технологиялар, студенттің субъектілігі, студенттің креативтілігі.