Вы здесь:

Р.Е. КАЛДЫБЕКОВА, Б.Ш. АБДИМАНАПОВ. Географиялық карталардың жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын қалыптастырудағы ролі

Р.Е. КАЛДЫБЕКОВА, Б.Ш. АБДИМАНАПОВ

Географиялық карталардың жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын қалыптастырудағы ролі

Мақалада жаңартылған білім мазмұны аясында Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі географияны оқытуда оқушылардың жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар арқылы географиялық картадағы нысандарды оқып-үйрену жолдары қарастырылған. Атап айтқанда, Блум таксономиясының талдау, синтездеу, бағалау деңгейлері бойынша берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың картаны оқып-үйренуге бағытталған зерттеу жұмыстары мен оның нәтижелері ұсынылған. Географиялық картаны меңгеру деңгейлері бойынша зерттеуге дейінгі және зерттеуден кейінгі нәтижелер талданып, оң нәтижелерге қол жеткізгендігі дәлелденеді. Сондай-ақ қолданылған әдіс нәтижесінің табысты болуына оқытылатын тақырыпты таңдау, тапсырманы дайындауда мұқияттылық, сабаққа қажетті оқу материалдарын дұрыс жинақтаудың маңыздылығы айтылады. Оқушының біліммен қоса, ойын дәл жеткізе алу, танымдық, ақпарат алмасу, географиялық нысандар жөнінде қате пікірлерді анықтау қабілеті артады. Сондай-ақ жалпы географиялық картадағы мағлұматтарды меңгеруге мүмкіндік беретін осы оқыту әдісін жиі қолдану қажеттілігі айтылады.

Кілтті сөздер: жоғары деңгейдегі ойлау дағдылары, Блум таксономиясы, талдау, синтез, бағалау.