Вы здесь:

Р.К.АЛСАИТОВА, Т.К.МУКЫШЕВ, С.ОНГАРБАЕВА, Р.САДУАКАСОВА. БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТЫ МЕҢГЕРУДЕГІ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ҒТАМР 14.37

DOI: 10.51883/20704046_2021_2_147

Р.К.АЛСАИТОВА, Т.К.МУКЫШЕВ, С.ОНГАРБАЕВА, Р.САДУАКАСОВА

БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТЫ МЕҢГЕРУДЕГІ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мақалада музыкалық аспапты меңгеруде өз бетінше шығармашылық қажет екендігі қарастырылады. Ол болашақ музыка мұғалімінің өз пәні бойынша терең әрі тиянақты білімпаздығын, аспапта ойнау шеберлігін, музыкалықкөркемдік тұрғысында ойлай білу, музыка сабағын жүргізуде үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық жағдайларға тез бейімделу, сабақтың бағытын өзгерту және музыкалық аспапта ойнаудың орындаушылық әдістерін қолдану қабілетімен сипатталады. Студенттің өзіндік жұмысы өте күрделі құрамды жиынтық, ол өзара табиғи түрде байланысқан ой–сана, сезім–қимыл қызметтерінен, студенттің қоғамдық белсенділігінен және сол жұмыстың құрылысы мен құрамды бөлшектерінен тұрады. Олардың ішіндегі ең бастылары: себептілік, жігерлілік, оқулық-практикалық. Осы аталған бөлшектердің мазмұны қысқаша қарастырылады.

Кілтті сөздер: студент, музыкалық шығарма, өзіндік жұмыс, қозғаушы күш, спецификалық қабілет