Вы здесь:

Р. КЕНЖЕБАЙ, Р. ЛАБЕНОВА, А. ӘЛІМБАЕВА. ЖОО жаңартылған бағдарламамен оқытудың кейбір мәселелері

ӘОЖ 572.021(574.5)

DOI: 10.51883/20704046_2020_1_15

Р. КЕНЖЕБАЙ, Р. ЛАБЕНОВА, А. ӘЛІМБАЕВА

ЖОО жаңартылған бағдарламамен оқытудың кейбір мәселелері

Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті білімді де саналы ұрпақ даярлау қоғамның өзекті мәселесі болып отыр. Еліміздің білім беру саласында жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мақсатында көптеген жаңа реформалар мен бағдарламалар қабылданған. Соның бірі – жаңартылған білім беру бағдарламасы. Қазіргі кезде білім берудің ұлттық моделі қалыптасып, Қазақстанның білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірілумен сипатталады.Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыруы мен озық әдістерін меңгеруі, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Жалпы білім беретін орта мектептер жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытуда. Мақалада ЖОО-да жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқыту мәселесі қалай жүзеге асырылып жатқаны қарастырылған.

Кілтті сөздер: жаңартылған білім беру бағдарламасы, оқу бағдарламасы, бағалау критерийі, ақпараттық-желілік технология, оқыту әдісі мен технологиясы, құзыреттілік.