Вы здесь:

Р.Қ. КЕРІМБАЕВА, Л.А. АЛПЫСБАЙ, А.Т. АБДРАХМАНОВА. Covid-19 пандемиясы кезіндегі халықтың мазасыздану психологиясы

ӘОЖ 37.015

DOI: 10.51883/20704046_2020_4_124

Р.Қ. КЕРІМБАЕВА, Л.А. АЛПЫСБАЙ, А.Т. АБДРАХМАНОВА

 Covid-19 пандемиясы кезіндегі халықтың мазасыздану психологиясы

  Мақала бүгінгі таңда әдемді жайлаған COVID-19 пандемиясы кезіндегі халықтың негізгі мазасыздық психологиясының сыртқы және ішкі себептеріне арналған. Карантиндік жағдайда халықтың оқшаулану салдарынан түрлі эмоционалдық- психологиялық ахуалының төмендеуі талданады. Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік қызмет көрсету мамандары: медицина, әскери, құқық қорғау органда­ры, әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлері мен педагогтардың қалыптан тыс жұмысы барысындағы «эмоциялық жану» синдромы анықталды. Елімізде коронави­рус індетінің өршуі халықтың психологиясына жағымсыз әсер қалдырғаны арнайы жүргізілген сауалнама арқылы анықталған. Халықтың мазасыздануы мен эмоциялық жануы, олардың қарым-қатынас жағдайы шаршау, қажу, әлсіреу, уайымдау сияқты сезімдері арқылы байқалғаны сипатталады. Індет салдарының халықтың психологиялық жай-күйін төмендетіп, олардың күйзеліске, тұрақсыздық, жоғары үрей, эмоциялық ерік-жігері, өзін-өзі бақылау мен басқаруы әлсірегенін айқындайды. Пандемия жағдайында халықтың түрлі қаржылай, әлеуметтік, психологиялық әл- ауқатының төмендеуі отбасылық кикілжіңдер мен мазасыздық күйге жеткізгені си­патталады. COVID-19 індеті кезінде медицина және әлеуметтік қызмет көрсету саласының мамандарына психологиялық көмек көрсетуге кеңестер беріледі.

  Кілтті сөздер: коронавирус, пандемия, COVID-19, күйзеліс, мазасыздану.