Вы здесь:

Р.Н. КЕНЖЕБАЙ, Г. ПРИМКУЛОВА, Ш. ЖҰРЫНБАЙ. Абай шығармаларындағы ағартушылық мәселелері

ӘОЖ 572.021(574.5)

DOI: 10.51883/20704046_2020_2_5

Р.Н. КЕНЖЕБАЙ, Г. ПРИМКУЛОВА, Ш. ЖҰРЫНБАЙ

Абай шығармаларындағы ағартушылық мәселелері

Биыл елімізде Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде аталып өтеді. Мұның бәрі бүгінгі қоғам мүшелерінің сана-сезімін жоғарылатып, рухани азық беру мақсатын көздейді. Абай шығармасына терең үңілсек жас ұрпаққа білім және тәрбие беру мәселесі жан-жақты қарастырылған. Оған М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Абай шығармаларын оқығанда анық көз жеткізуге болады. Әсіресе, оның өлеңдері мен қара сөздерінде ағартушылық мәселелері айқын байқалады. Бұл мақаламызда Абайдың білім мен ғылымға қатысты шығармаларын ой елегінен өткіздік. Оның өлең-жырлары мен қара сөздеріндегі ағартушылық еңбегін зерделедік, тіл мәселесіне қатысты зерттеулерін сараладық. Жас ұрпаққа саналы білім мен сапалы тәрбие беру ісінде Абай шығармаларын оқу-тәрбие беру ісінде үздіксіз қолданудың қажеттілігі айқындалды. Өйткені, бүгінгі заманда қара сөздің мәуесін шәкірттердің бойына сіңіру қоғамның көкейкесті мәселесіне айналған.

Кілтті сөздер: Абай Құнанбаев, білім, қара сөздер, ғылым, рухани азық, білім мен тәрбие ісі.