Вы здесь:

Р.С. ҚАСЫМОВА, М.М. СҮЛЕЙМЕН. Ә.Қастеев шығармашылығы арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру

ӘОЖ 37.01

DOI: 10.51883/20704046_2020_1_74

Р.С. ҚАСЫМОВА, М.М. СҮЛЕЙМЕН

Ә.Қастеев шығармашылығы арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру

Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы Ә.Қастеев шығармашылығының құндылығын көрсету. Мақалада эстетикалық талғамды қалыптастырудағы Ә.Қастеев шығармаларының тәрбиелік рөлінің маңыздылығы қарастырылады. Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Ә.Қастеев шығармалары халықтың этнографиясы туралы баяндайтын өзіндік «көрнекі мәтін» деп айтуға болады. Ал суретшінің өзі мәдени дәстүрді тасымалдаушы ретінде ғана емес, дала жағдайында алғашқы материалмен шебер жұмыс істейтін этнограф ретінде де оқушыларға эстетикалық, тәлім-тәрбиелік маңызы зор. Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру – өте күрделі педагогикалық міндет. Қазіргі заманғы мектептерде үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру кезінде оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты ретінде мамандануға көшу байқалады: шет тілдерін, басқа да пәндерді тереңдетіп оқытатын бейіндік сыныптар құрылуда, бұл жағдайда эстетикалық цикл пәндерін оқытудың маңыздылығы артатындығын психологиялық-педагогикалық зерттеулерден көреміз. Жоғары сынып оқушысының эстетикалық талғамы жоғары және назары тұрақты, оларды сурет салу, мүсіндеу, құрастыру, жазу,дизайн процесі қызықтыратындығы тәжірибеде көрініс тапты.

Кілтті сөздер: бейнелеу өнері, эстетикалық тәрбие, сурет өнері, эстетикалық талғам, шығармашылық, сұлулық.