Вы здесь:

Қ.Р. ТЕЛҒАРАЕВ, А.С. СЕЙДИКЕНОВА. Ағылшын тілін оқытуда корпусқа негізделген әдістәсілдердің студенттердің оқу үлгеріміне әсері

ҒТАМР 14.07.01

DOI: 10.51883/20704046_2021_1_51

Қ.Р. ТЕЛҒАРАЕВ, А.С. СЕЙДИКЕНОВА

Ағылшын тілін оқытуда корпусқа негізделген әдістәсілдердің студенттердің оқу үлгеріміне әсері

Мақалада заманауи білім беру үдерісінде тілдік корпусқа негізделген аудиториялық іс-шаралар жиынтығының студенттердің ағылшын тілінің фонетикасы сабақтарындағы оқу үлгеріміне және олардың шет тілдерін оқуға деген ынтасына әсерін бағалауға бағытталған зерттеу жұмыстары келтірілген. Демек, зерттеудің негізгі мақсаты дәстүрлі оқыту әдістемесі ұсынатын қалыптасқан білім беру тәсілдерімен салыстырғанда корпусқа негізделген оқыту әдісінің тиімділігін анықтау, білімгерлерге жаңа оқу бағдарламасын енгізу кезінде тілдік корпусты практикалық сабақтарда қолданудың артықшылығы мен кем тұстарын бағалау болды. Сонымен қатар, басқа да тіл үйренушілерді ағылшын тілінің лексикасы мен фонетикасын меңгеруге ынталандыру, корпустық тіл білімінің жаңа заман талаптарына сай қызметтер ұсына алатындығын дәлелдеу.

Кілтті сөздер: шет тілдерін оқыту әдіснамасы, корпустық лингвистика, ауызша және жазбаша мәтін корпусы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.