Вы здесь:

С.А. ЖОЛДАСБЕКОВА, М.Н. МАМЫР. Кайдзен жүйесіне сәйкес колледж студенттерінің жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру

ҒТАМР 14.33.01

DOI: 10.51883/20704046_2021_1_200

С.А. ЖОЛДАСБЕКОВА, М.Н. МАМЫР

Кайдзен жүйесіне сәйкес колледж студенттерінің жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру

Мақалада кайдзен жүйесі негізінде жеңіл өнеркәсіп және сервис колледждері студенттерінің жұмыс орнын ғылыми ұйымдастыру мәселесі талқыланады. Кайдзен – өмірлік процестерді үздіксіз жақсартуға бағытталған жапон философиясы. Бұл әдіс бес негізгі элементтен тұрады: дәлдік, реттілік, тазалық, стандарттау, тәртіп. Эргономикалық және ыңғайлы жұмыс орнын шығынсыз ұйымдастыру. Студенттер жұмыс орнына тез бейімделіп, тиімді еңбек етеді. Еңбектің мақсаты – өнімді сапалы, үнемді және уақтылы өндіру немесе белгіленген жұмыс көлемін орындау. Технологиялық процестің ерекшеліктері мен еңбек функциясының сипатына, еңбекті ұйымдастыру формасына және басқа факторларға байланысты өндірістік оқыту процесінде студенттердің жұмыс орындарының жіктелуі анықталады.

Кілтті сөздер: кайдзен жүйесі, жұмыс орнын ұйымдастыру, колледж студенттері.