Вы здесь:

С.Қ. ҚАСТАЕВ. Мұғалімнің педагогикалық қабілеттері мазмұнындағы ұйымдастырушылық іс-әрекеттер

ҒТАМР 14.07.09

DOI: 10.51883/20704046_2021_1_44

С.Қ. ҚАСТАЕВ

Мұғалімнің педагогикалық қабілеттері мазмұнындағы ұйымдастырушылық іс-әрекеттер

Мақалада мұғалімнің педагогикалық қабілеттері қарастырылады. Танымал педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектеріне сәйкес берілген педагогикалық қабілет түрлері сипатталады, оның ішінде мұғалімнің дидактикалық, академиялық, перцептивтік, сөйлеу, ұйымдастырушылық, авторитарлық, коммуникативтік, педагогикалық болжау қабілеттері мен бір уақытта бірнеше іс-әрекет түрі арасында назар аудару мүмкіндігі айтылады. Педагогикалық қабілеттердің барлығы да ұйымдастырушылық іс-әрекет негізінде жүзеге асырылады. Ұйымдастырушылық іс-әрекеттің дұрыс жүзеге асырылуының нәтижесінде оқушылардың оқу жұмыстарындағы қол жеткізілетін әрекеттері сипатталады. Сонымен қатар, мұғалімнің педагогикалық қызметінің дұрыс ұйымдастырылуы оны уақытты босқа өткізуден, жалаңдықтан, формалдылықтан сақтандыратыны және жұмысты нәтижелі етудің алғышарты болып табылатыны айтылады.

Кілтті сөздер: мұғалім, қабілет, педагогикалық қабілет, ұйымдастырушылық ісәрекеттер.