Вы здесь:

С.К. АБИЛЬДИНА, А.О. МУХАМЕТЖАНОВА, Д.С. АСАКАЕВА. Болашақ мұғалімдердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі

ҒТАМР 14.35.07

DOI: 10.51883/20704046_2021_1_107

С.К. АБИЛЬДИНА, А.О. МУХАМЕТЖАНОВА, Д.С. АСАКАЕВА

Болашақ мұғалімдердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі

Мақалада болашақ мұғалімнің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру проблемасы болашақ педагогтер даярлаудың аспектісі ретінде алынды. Сонымен қатар, болашақ маманның зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру жолдары мен технологиясы қарастырылған, әдіснамасына терең тоқталған. Болашақ мұғалімнің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны мен құралдарын жасап, сынақтан өткізгені айтылады. Болашақ мұғалімдердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруда ұсынған құралдар зерттеудің әрбір кезеңдерінде қолданылып, оларды тәжірибеде қолдану тиімділігін айтып өтеді. Зерттеу жұмысының тиімділігін анықтау мақсатында тәжірибелік эксперименттік жұмыстар әдістемеде көрсетілген кезеңдер бойынша жүйелі жүргізілген. Қарастырылып отырған мәселе бойынша өлшемдер, көрсеткіштер жүйесін негізге ала отырып, диагностикалық бағдарлама арқылы зерттеу нәтижелерін сандық көрсеткіш пен диаграмма жүзінде көрсетеді. Жүргізген зерттеу жұмысының тиімділігі мен дәлелдігіне тоқталып, ұсыныстар береді.

Кілтті сөздер: құзырет, құзыреттілік, зерттеушілік құзыреттілік, болашақ мамандар даярлау, білім беру, оқу үдерісі.