Вы здесь:

Ш.Ш. ОНТУГАНОВА, А. ЖАПБАРОВ. Оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру және тапсырмалардың маңыздылығына талдау

ӘОЖ 378

DOI: 10.51883/20704046_2020_6_75

Ш.Ш. ОНТУГАНОВА, А. ЖАПБАРОВ

Оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру және тапсырмалардың маңыздылығына талдау

Соңғы жылдары елдің қоғамдық өмірінің барлық саласында дерлік түбегейлі өзгерістер болып жатқаны баршаға белгілі. Білім қоғамның жаңа мүшелерін дайындаудың және интеллектуалды әлеуетті жинақтаудың негізгі институты ретінде жаңару үдерісіне кеңінен тартылды. Инновациялық процестер білім беру жүйесінің барлық бөліктерін қамтып жатыр десек те болады. Сонымен қатар мектептегі білім беруде ерекше өзгерістер болып жатыр. Дамыта оқыту жағдайында оқушылардың ойлауы мен тілін логикалық амал-тәсілдер арқылы дамыту өзекті мәселе болып табылатындығы белгілі. Дәстүрлі жүйеде оқытудың олқылық тұстары анықталып, оны болдырмаудың, әдістемені ғылыми сапалы деңгейде өсірудің сан-сапалы жолдары айқындалып келеді. Оқушылардың ойын, тілін дамыта оқыту логиканың амал-тәсілін игертуге негізделеді. Сондықтан бұл мақалада логикалық ұғымды қалыптастыру арқылы сөздік қорды байыту мен сөздерді байланыстырып сөйлеу арқылы ойын жеткізе білу біліктілігін қалыптастыру ерекшеліктерінің әдістемесі қарастырылған.

Кілтті сөздер: логикалық амалдар, эксперимент, сөйлем, ғылыми таным, түйсік, қабылдау, елестету, дамыта оқыту.