Вы здесь:

Т.Б. БАЙНАЗАРОВА, А.Д. КАЛЫМБАЕВА. Бастауыш сынып оқушыларының математикадан өзіндік жұмыстарды орындау арқылы білім деңгейлерін бағалау

ӘОЖ 373.3

DOI: 10.51883/20704046_2020_2_89

Т.Б. БАЙНАЗАРОВА, А.Д. КАЛЫМБАЕВА

Бастауыш сынып оқушыларының математикадан өзіндік жұмыстарды орындау арқылы білім деңгейлерін бағалау

Мақалада бастауыш сыныпта өзіндік жұмысты орындау арқылы білім деңгейлерін бағалау қарастырылады. Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттануымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Оқыту үдерісінде оқушылардың өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау дағдыларын бағалау туралы және бұл мәселе бойынша зерттеген ғалымдардың тұжырымдамалары айтылады. Жаңартылған білім жүйесіндегі критериалды бағалаудың ерекшеліктері, оқушының білім алудағы жетістіктерін тиімді бағалау мақсатында диагностикалық қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрлерін мұғалімнің тиімді қолдануын атап көрсеткен. Оқушылардың ғылыми ізденісіне жағдай туғызады – ғылыми болжам ұсынылады, нәтиже алынады, оны бағалау жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда еліміздің басты мақсаты – дамыған елдердің бірі болу, оған жетудің жалғыз жолы – әлемдік білім беру кеңістігінен өту. Бұл ұлттық білім беру жүйесін дамытуды қажет етеді және оны жаңа арнаға, жаңа сапаға көшіру қажеттілігін білдіреді.

Кілтті сөздер: өзіндік жұмыс, формативті бағалау, оқыту үдерісі, бағалау түрлері.