Вы здесь:

В.А.МАМАЕВА, Г.Р.КОЩАНОВА, С.Ч.ТОРГАЕВА. ГРАФИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР НЕГІЗІНДЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ҰҒЫМДАРЫ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ҒТАМР 14.25

DOI: 10.51883/20704046_2021_2_31

В.А.МАМАЕВА, Г.Р.КОЩАНОВА, С.Ч.ТОРГАЕВА

ГРАФИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР НЕГІЗІНДЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ҰҒЫМДАРЫ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

    Бұл мақалада математикалық талдаудың ұғымдарын түсіну және пайдалануды жеңілдету үшін графикалық түсініктерді қолдану мәселелері қарастырылған. Функция, функцияның туындысы және алғашқы функцияның өзара байланысын, функцияның экстремумының мәндерін табу үшін қажетті шартының орындалуын, функция графигіне жүргізілген жанаманың орналасуын, бұрыштық коэффициентті анықтауға мысалдар келтіріліп, оларды «қайта кодтау» арқылы шешудің тиімді әдістері қарастырылған.

    Есептер шығару барысында математикалық талдау ұғымдарының графикалық түсініктерінің мәні ашылып, негізгі сипаттамалары көрсетілді. Математикалық талдау ұғымдары: алғашқы функция, функция және функцияның туындысы – дифференциалдау операциясы бойынша иерархия ұсынған ұғымдар жүйесін құрайды. Қайта қодтау математикалық талдау ұғымдары жүйесін қалыптастырутәсілі болып табылады, демек, оның классикалық анықтамасы – ақпараттыңберілген бір түрінен екінші түріне, бір таңбалық жүйеден екінші жүйесіне ауысу ретінде жүйенің екі ұғымының өзара байланысын орнату. Түсініктердің санына және орындалатын қайта кодтаудың сипатына байланысты жоғары сынып оқушыларында математикалық талдау ұғымдары жүйесінің қалыптасу деңгейлері анықталған.

    Кілтті сөздер: математикалық талдау, графикалық түсініктер, функция, функцияның туындысы, алғашқы функция, қайта кодтау.