Вы здесь:

Ғ.Ж.АБЫЛҚАСОВ. ҒАБДОЛЛА ТОҚАЙ ЖЫРЛАРЫ – ЖАҚАН СЫЗДЫҚҰЛЫ ТӘРЖІМАСЫНДА

ҒТАМР 17.82.30

DOI:10.51883/20704046_2021_2_152

Ғ.Ж.АБЫЛҚАСОВ

ҒАБДОЛЛА ТОҚАЙ ЖЫРЛАРЫ – ЖАҚАН СЫЗДЫҚҰЛЫ ТӘРЖІМАСЫНДА

Қазақ, татар әдебиеттерінің кейінгі екі ғасыр жүзіндегі байланысы турасында сөз қозғау үшін, екі халықтың шығармашылық өкілдерін өзара байланыстырушы, кесек туындыларды аударушы тәржімашылар туралы айтпай кетуге болмайды. Осы тұрғыдан алғанда Көкше өңірінің тумасы, көрнекті ақын, аудармашы Жақан Сыздықұлының шығармашылығына тоқталмай өту мүмкін емес. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан, нақтылай айтқанда 1924 жылдан бастап, жаңа әдебиеттің көшін бастаушылардың бірі болған, сол кезеңде өз қатарластарының арасында аса танымал ақындардың бірі болған, саналы ғұмырында алпысқа жуық өлең, поэма, аударма кітаптардың авторы атанып, өнімді еңбек еткен көкшелік қаламгердің шығармашылығына тоқтала отырып, Жақан Сыздықұлының татар әдебиетімен байланысын қарастыру жөн деп білеміз. Қазақтың жаңа дәуір поэзиясына өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап араласқан Жақан Сыздықұлы жарты ғасырдан астам әдебиетіміздің дамуына атсалысып, жүздеген лирикалық өлеңдер мен отызға жуық эпикалық көлемді туындылар мен батыс, шығыс әдебиетінен аудармалар қалдырған қажымас еңбеккер тұлға.

Кілтті сөздер: қаламгер, аударма, аудармашы, ортақ қазына.