Вы здесь:

Ж.К. САТЫБАЛДИЕВА. Кәсіби білім берудің беталысы мен бағыты

УДК 377

DOI: 10.51883/20704046_2020_6_119

Ж.К. САТЫБАЛДИЕВА

Кәсіби білім берудің беталысы мен бағыты

Мақалада қазіргі таңдағы болашақ мамандарды даярлау мәселесінің өзектілігі айтылған. Жалпы маман даярлау мәселесі қай кезеңде де өзекті мәселелердің бірі болды. Себебі болашақ маман – қоғамның іргетасы. Маман қоғамның алға дамуына, оның тұрақтылығы мен әлеуметтік, экономикалық мәселелерді оңтайлы шешуге ықпал етеді. ХХІ ғасырда техника мен ғылымның дамуы нәтижесіндегі еңбек нарығындағы сұраныс пен қажеттілік зерделенген. Жаңа ғасырдағы заман өзгерісіне сай болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігі қандай тұлғалық және кәсіби қасиеттермен өлшенетіндігі айтылған. Осы аталған мәселелерге талдау жасалып, кәсіби білім берудің беталысы мен бағыты туралы ұсыным берілген. Жалпы болашақ маман даярлау ісі кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі болуы, өмірдегі техникалық прогреске сай маман даярлау ісінің артта қалуы проблемасы негіз болады. Сондықтан да бәсекеге қабілетті маман даярлау ісінде алдымен заман өзгерісі мен талабын ескерсек, екіншіден, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкестендіру маңызды.

Кілтті сөздер: кәсіби білім, ХХІ ғасыр дағдылары, маман даярлау, болашақ маман.