Вы здесь:

Ж.Ш. БАКТЫБАЕВ, А.О.ҚАРАТАЕВА. БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҒТАМР 14.15.15

DOI:10.51883/20704046_2021_2_49

Ж.Ш. БАКТЫБАЕВ, А.О.ҚАРАТАЕВА

БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақалада әлеуметтік педагогтардың әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеті мен оның ерекшеліктері қарастырылған. Әлеуметтік педагог және әлеуметтікпедагогикалық іс-әрекет ұғымдарына анықтамалар мен сипаттамалар берілген. ЖОО-да болашақ әлеуметтік педагогтарды дайындайтын білім беру бағдарламалары мен нормативтік құжаттар жайында қарастырылған. Сондай-ақ әлеуметтік педагогтың өзінің лауазымдық міндеттері мен біліктілігіне қойылатын бірқатар талаптары көрсетілген. Мақаланың мақсаты ЖОО-да болашақ әлеуметтік педагогтардың әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетін басқару мен ұйымдастырудың негізгі мәселелерін анықтап, ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Кілтті сөздер: ЖОО, білім беру мекемелері, әлеуметтік-педагогикалық ісәрекет, әлеуметтік институт, білім беру бағдарламасы.