Вы здесь:

Ж.З. ТОРЫБАЕВА, М.У.ТУСЕЕВ, Қ.Ә. ИБРАГИМ. Баланың оқу процесінен аластауының психологиялық механизмдері

ӘОЖ 155.59

DOI: 10.51883/20704046_2020_4_140

 Ж.З. ТОРЫБАЕВА, М.У.ТУСЕЕВ, Қ.Ә. ИБРАГИМ

Баланың оқу процесінен аластауының психологиялық механизмдері

Мақалада аластауды мектептік білім беру жүйесінде анағұрлым кеңінен таралған күрделі мәселе ретінде қарастыра келе, осы жайында зерттеген ғалымдар еңбектері теориялық тұрғыдан талданып, аластаудың баланың психологиялық денсаулығына және білім алу мүмкіндіктеріне кері әсері жайында баяндалады. Баланың мектеп өмірінде өз орнын таба алмауы, өзінің тұлға ретінде бар болмысы мен даралығын, потенциалын, өзін-өзі көрсету, өзіндік актуализациясын сақтап және оны дамы­та түсу арқылы көріне алмауы оқытудың тұлғалық-аластатылған түрінің пай­да болуына әкеліп соқтыратындығы айтыла келе, баланың қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін білім берудің алғашқы сатыларында-ақ ескеру керектігі ұсынылады. Аластаушылыққа адамның өз уақытын, қоршаған ортасын, өз құндылықтарын еркін билей алмауы жатады. Соңғы уақытта мектепте оқушылардың оқу процесінен ала­стауы жиірек кездесіп жүр. Сырттан қойылған тәртіп баланың сұранысына, бағыт- бағдарына, ресурстары немесе жетіспеушіліктеріне қарамай-ақ оның тіршілігін шектеп, реттейді.

Кілтті сөздер: аластау, мұғалім, бала, мектеп, білім беру, психологиялық денсаулық, оқу процесі, мотивация.