Вы здесь:

Ж.Ж. ҚАРТБАЕВА, А.К. ҰЛЫҚОВА. Балабақша педагогтарының толеранттық мінез-құлық белгілері

ӘОЖ 373.21

DOI: 10.51883/20704046_2020_3_132

Ж.Ж. ҚАРТБАЕВА, А.К. ҰЛЫҚОВА

Балабақша педагогтарының толеранттық мінез-құлық белгілері

Мақалада балабақша педагогтері қызметінде толеранттық мінез-құлықтың қажеттілігі, маңыздылығы қарастырылады. Авторлар мақалада толеранттық мінез-құлық мәселесінің талдануын зерделеп, оның көп қырлы ұғым екендігін негіздеген. Толеранттық мінез-құлық, оның ішінде балабақша тәрбиешілерінің толеранттығының мәні ашылған. Қазақ ойшылдарының, ағартушы ғалымдарының педагог тұлғасының қандай болуы керектігі туралы айтқан ойларын зерделеп, қазіргі қоғамдағы педагог алдына қойылып отырған міндеттер зерделенді. Педагог бойындағы толеранттық мінез-құлық өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге, оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарына немқұрайды қарамай, баланы толыққанды тұлға етіп қалыптастырудың қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі екендігін көрсеткен. Авторлар бала бойында шексіз мүмкіндіктер болатындығын және баланың еркелігі мен қыңырлығын дұрыс көтеріп, оларды тәрбиелеуде педагог тұлғасы маңызды орынға ие екендігін ғалымдардың ой-пікірлерімен негіздейді. Жалпы толеранттық мінез-құлық педагог қызметінде баламен дос болу, бірлесіп әрекет ету, ынтымақтастық, бала қабілетін дамыту, өз ісіне адал болу мен асқан жауапкершілік секілді ұстанымдарды алдыңғы орынға шығару қажеттігін нақтылайды.

Кілтті сөздер: толеранттық мінез-құлық, педагог тұлғасы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.